Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағанды облысында автобус шығаратын зауыт салынады
Зауытта жылына 1 200 автобус және 500 арнайы техника шығарылады деп жоспарлануда.
09:06 06.05.2020
Өнімдер ЕАЭО елдеріне экспортталады. Қарағанды облысының Саран қаласында "Yutong" маркалы автобустар мен арнайы мамандандырылған техника шығаратын зауыт салынады. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің өңірге сапары аясында тиісті меморандумға қол қойылды.
"Инвестиция көлемі шамамен 23 миллиард теңгені құрайды, 1 100 жаңа жұмыс орны ашылады, жылдық жобалық қуаттылығы – 1 200 автобус және 500 дана арнайы техника", - деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Бұл ҚР ішкі нарығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар өнімдерді ЕАЭО елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар үкімет басшысы "Сарыарқа" АЭА-ға барып, онда "Steel Manufacturing" ЖШС патрон зауытының бірінші кезегін іске қосты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram