Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырау облысында 8 жасар қыз бен жүкті әйел коронавирус жұқтырды
Атырау облысында 8 жасар қыз, жүкті әйел мен студент коронавирус жұқтырды.
13:48 06.05.2020
Өңірде Covid-19 жұқтырғандар саны 223 адамға жетті. 14 жаңа жағдайдың арасында 8 жасар Махамбет ауданының тұрғыны бар. Ол аудандық орталық ауруханада ем қабылдаған. Кішкентай қызда коронавирустың бар екендігі, ПТР тестілеу нәтижесінде анықталып, кейін іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес, ол инфекциялық стационарға жатқызылды.
Сонымен қатар, науқастардың ішінде индерлік 24 жастағы жүкті әйел бар. 4 мамыр күні Астраханнан келген 24 жасар студент те аталмыш дертпен ауруханаға түскен. Covid-19 анықталғанға дейін жігіт карантиндік стационарда жатқан. Қазіргі уақытта науқастардың инфекция ошақтары анықталып, олармен байланыста болған адамдар анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram