Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандықтар 42500 теңгені екінші рет қашан алатыны белгілі болды
Егер елімізде төтенше жағдай режимі ұзартылмаса, екінші әлеуметтік төлем қазақстандықтардың шотына 11 мамырға дейін түседі.
19:16 06.05.2020
"Төлем бір рет тағайындалады және төтенше жағдай кезінде ай сайын төленеді. Мәселен, бірінші төлемді 6 сәуірде алса, екіншісі 6 мамырда түседі. Егер адамдар бірінші төлемді 20 сәуірде алса, екіншісі 20 мамырда, төтенше жағдай режимі ұзартылған жағдайда ғана төленеді", - деп нақтылады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еңбек министрлігі наурыз айында өтініш берген азаматтар сәуір айында екінші төлемді алғанын атап өтті. Жалпы алғанда, 5 мамырдағы жағдай бойынша, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғаназаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (ТМККК) 4 миллион 478 мың әлеуметтік төлемдер тағайындалды.
"Оның ішінде алғашқы айда – 3 миллион 734 мың, екінші айда – 744 мың", - деп мәлімдеді ведомстводан.
5 мамырдағы жағдай бойынша 42 500 теңге алуға 8 миллион 32 мың азамат өтініш берген. Өтініштердің ең көбі Алматы облысынан – 1,4 миллион, Түркістан облысынан – бір миллион, Алматыдан – 897,2 мың, Нұр-Сұлтаннан – 595 мың, Шымкенттен 535 мың түсті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram