Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны бола ма?
ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев коронавирустың екінші толқыны қашан болатынына қатысты пікір білдірді.
19:40 06.05.2020
«Бұл жаңа вирус, жаңа эпидемия болғаннан кейін оның екінші толқыны болатын-болмайтынын айту, болжау өте қиын. Біз біртіндеп, бақылап көруіміз керек. Кейбір мемлекетте ауырғандар саны өсуі қайта байқалып жатыр. Соны болдырмау үшін карантин шараларын дұрыс сақтауымыз керек», - дейді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.
Оның айтуынша коронавирус инфекциясы қайтып таралуы мүмкін деген ықтимал да бар
«Әрине, тағы да жаппай жұғу болатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Күзде және қыста тұмау және ЖРВИ-дің таралуына қатысты ықтималдығы болады. Коронавирус инфекциясы қайтып таралуы мүмкін деген ықтимал да бар», - деді Сұлтанғазиев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!