Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шаңды дауыл, жаңбыр, жел: 7 мамырға арналған ауа райы
Синоптиктер 7 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.
08:00 07.05.2020
Қазақстанның басым бөлігіне антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-батыста күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл соғады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, жел қарқыны - 15-20 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Түнде - кей жерлерде, күндіз - облыстың басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с. Күндіз Алакөл ауданында секундына 23 метр жылдамдықпен жел еседі. Атырау, Жамбыл, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram