Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Зауытта газдың ағуы салдарынан 8 адам уланып қаза тапты
Үндістанның оңтүстік-шығысындағы Вишакхапатнам қаласының жанындағы химиялық зауытта улы газдың ағуы салдарынан кемінде 8 адам қаза тапты, бес мыңнан астам адам жарақат алды.
09:24 08.05.2020
Times of India басылымының хабарлауынша, төтенше жағдайдан зардап шеккендердің арасында екі қарт адам, екі әйел және бала бар. Жергілікті БАҚ мәліметі бойынша, 70 адам ауруханаларда ауыр халде жатыр.
Қайғылы оқиға оңтүстіккореялық LG компаниясының химиялық зауытында орын алды. Кәсіпорын 25 наурызда елде карантин енгізілгеннен кейін тоқтатылған болатын. Полимерлер өндірісі үшін қолданылатын стиролы бар әрқайсысы бес мың тонна болатын екі ыдыс қараусыз қалған. Басшылық қазір улы газдың қалай ағып кеткенін анықтап жатыр. Зауыт жанында орналасқан аудан тұрғындарына ауыз бен мұрынды ылғалды матамен жабуға кеңес берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram