Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сарапшы коронавирустан қорғану үшін азық-түлікті қалай жуу керегін айтты
Ресей ғылым академиясы Медико-биологиялық мәселелер жөніндегі институтында бөлім меңгерушісінің орынбасары Светлана Поддубко коронавирустан қорғану үшін азық-түлікті қалай тазалау керегін айтып берді.
12:42 08.05.2020
Оның айтуынша, супермаркеттерден немесе базарлардан сатып алынған өнімдерді коронавирустың алдын алу үшін құрамында спирті бар дезинфекциялық құралдармен өңдеген жөн. Құрамында хлор бар өнімдермен зарарсыздандыру денсаулыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін.
Ол әрбір дезинфекциялық құралдың өзінің қолданылу реті бар екенін атап өтті. Құрамында хлор бар өнімді көбінесе заттардың сыртқы беттерін өндеуге, сондай-ақ есік тұтқаларын сүрті үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, хлорлы құралды жаққаннан кейін жарты сағат ішінде сүртіп тастаған жөн.
Поддубко жеміс-жидек пен көкөністі ыстық сумен жуу керегін ескертті. Себебі вирус 40 градустан асқан ыстыққа шыдамайды. Ал, жуылмаған азықты тоңазытқышқа бірден салуға болмайды, себебі вирус ауаға қарағанда суық жерде ұзақ сақталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram