Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мақтааралға көмек ретінде жіберілген киімнің қалтасынан 3 мың доллар шықты
Әлеуметтік желіде бір топ адам Мақтаарал ауданында судан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек ретінде жіберілген заттардың арасынан ақша іздеп жатқаны туралы видео таралды.
15:12 09.05.2020
Ақшасын жоғалтқан ерлі-зайыпты Мақтаарал ауданындағы мұқтаж жандарға кимейтін киімдерін салып жібергені белгілі болды. Жүк жөнелтілген кезде ғана күрткелердің бірінің қалтасында 3 мың доллардан астам қаржы сақтағандарын есіне түсірген. Олар ақшаны қайтару үшін жүктің соңынан қуып жеткен. Ақша табылып, иесіне қайтарылды.
Еске салайық, 1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Салдарынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Түркістан облысының көршілес Мақтаарал ауданындағы елді мекендер су астында қалды.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram