{metadescription}
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәби босанды

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәби босанды

Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы қазір жақсы, коронавирусқа тапсырған тест теріс нәтиже көрсеткен.

Бұған дейін коронавирус табылған пациент жуырда дертінен айығып, 9 мамыр қарсаңында дені сау сәбиді дүниеге әкелді.

"Әйел босанғанға дейін екі күн бұрын Covid-19 нәтижесі теріс болғанына қарамастан, баланың құрсақта коронавирус жұқтырып алу қаупі болды. №1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік блогының бригадасы гинеколог-дәрігер Владимир Калашников, неонатолог-дәрігер Татьяна Евтюшкина және акушер Гаухар Дүйсенбаева, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері екі адамның өмірі үшін күресті", - деп хабарлады елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің дені сау, COVID-19 тестінің нәтижесі теріс. Ана мен бала да қазір өздерін жақсы сезінеді, деп нақтылады басқармадан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде