Карантин режимі сақталады – Алматы жедел штабы
Алматы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб қала аумағында карантин режимінің сақталатынын мәлімдеді.
08:04 11.05.2020
Бұл ретте карантин режимі аясындағы шектеу шаралары 11 мамырдан бастап Штабтың ерекше өкіміне дейін жалғасады. Қаланың периметрі бойынша орналасқан блокпосттар жұмысы бұрынғы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қалада жүргенде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары қатаң сақталуға тиіс. Оған қоса Штабтың шешімімен қалада жұмысына рұқсат етілген кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлеріне ғана жүріп-тұруға болады. Атап айтқанда:
- мемлекеттік және құқық қорғау органдары; - коммуналдық қызметтер; - өнеркәсіп;
- құрылыс;
- жобалық ұйымдар;
- жылжымайтын мүлік агенттіктері;
- ХҚКО (заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін);
- нотариустар;
- адвокатура;
- азық-түлік дүкендері мен базарлар;
- кафелер мен мейрамханалар (өзімен алып кетуге ғана болады);
- медициналық клиникалар;
- стоматология;
- зертханалар;
- дәріхана;
- көлік және логистика;
- дистрибуция;
- жанармай құю стансалары;
- онлайн жеткізу;
- Екінші деңгейдегі банктер және басқа да қаржы ұйымдары (50%-ға дейін); - сақтандыру;
- ломбардтар;
- бизнеске арналған кәсіби қызметтер (консалтинг, аудит және бухгалтерлік қызметтер);
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
- азық-түлік емес дүкендер, жалпы ауданы 500 шаршы метрге дейін;
- ТҚС, көлік жуу және шиномонтаждау; - шаштараз;
- фотосалондар;
- гүл павильондары;
- химиялық тазарту (кір жуу орындары);
- техника және аяқ киім жөндеу орындары;
- баспа үйлері;
- айырбастау пункттері;
- ветеринарлық қызмет. Қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады (сағат 06.00-ден 19.00-ге дейін)
«Осыған байланысты азаматтарға карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау керектігін ескертеміз. Карантинді бұзу (қызметті рұқсатсыз жүзеге асыру, оның ішінде жұмысқа шығу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дербес және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», - деп атап өтті жедел штабтан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!