Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Енді ұшақ жолаушыларынан коронавирус анықтамасы талап етілмейді
Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов әуе көлігінде Covid-19 инфекциясына ПТР тесттен өту міндеттілігі жөніндегі талаптарды алып тастау туралы түсініктеме берді.
Фото: Елена Сергиенко
10:48 11.05.2020
11 мамырдан бастап Қазақстанда ұшақ жолаушыларынан коронавирус табылмағаны туралы анықтама талап етілмейді. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. 1 мен 10 мамыр аралығында әуежайларға қонған ұшақ жолаушылары, әуежай қызметкерлері мен әуе кемелерінің экипажы арасында жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ, деп мәлімдеді Байғабылов.
"Осыған байланысты 11 мамырдан бастап жолаушылар, әуежай қызметтерінің өкілдері мен экипаж үшін Covid-19 инфекциясына ПТР тесттен міндетті түрде өту талабы алынып тасталды", - деді көліктегі бас санитар дәрігер.
Дегенмен, әуежайларда әлеуметтік ара қашықтық пен маска режимін сақтау қажет. Жолаушылардың дене қызуы тексеріледі, ал шығарып салушылар терминал ғимаратына кіргізілмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram