{metadescription}
0:000:00

Алматыға кіре берісте ұзын-сонар кептеліс пайда болды

Алматыға кіре берісте ұзын-сонар тізілген көліктер қалаға кіре алмай, кептеліп тұр.

Инстаграмдағы "Kris_p_almaty" парақшасында жарияланған мына видеода бұл көлік кептелісі Талғар тас жолында таңертең 6: 30-да түсірілгені айтылады. Дәл осындай көрініс: "Алтын-Орда" базары маңы, таңертеңгі сағат 7 шамасы. Блок-бекеттегілер адамдарды қалаға кіргізбей жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі төтенше жағдай жойылғаннан кейін де Алматыдағы карантин режимі сақталатынын хабарлаған болатын. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға түсініктеме берді.

"Алтын Орда" базарының жанындағы бақылау-өткізу бекетінде таңертең аздаған адамдар болды. Қоғамдық тәртіпті бұзу болмады. Адамдарға қаланың периметрі бойынша 27 кедергілер бұрынғысынша жұмыс істеп жатыр деп айтылды. Карантинге жабылған Алматының шекаралары жабық. Қазір бақылау-өткізу пункттеріндегі жағдай тұрақты. Азаматтарды тек ресми ақпараттарға сенуге шақырамыз", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде