{metadescription}
Қостанайда бойжеткенді ұрып-соғып, зорламақ болған

Қостанайда бойжеткенді ұрып-соғып, зорламақ болған

Бойжеткенді ұрып-соғып, зорламақ болған жігіт қамауға алынды.

Қостанай қаласының тұрғыны Лаура Сүндет өзіне бейтаныс адамның қырындап, жақындамақ болғанын айтты. Ол оның бетін қайтарамын деп таяқ жеген. Оқиға осы жылдың 10 мамырында болған. Бойжеткен Facebook парақшасында жігіттің ұрып-соғып, қорлағанын айтып, видео жариялаған. Лаура Сүндеттің айтуынша, ол 10 мамырда құрбысының үйіне қонаққа келген. Ол арада бейтаныс бір адам оған тиісе бастаған. Айтқанына көнбегенінде ер адам қыздың бетінен ұрған. Қазір полиция осы факті бойынша ҚР ҚК 121-бабымен («Жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері») сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесі анықталады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олар аяқталғаннан кейін түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады. Сонымен қатар, аталған оқиғаның қатысушылары ТЖ режимін бұзуғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Қылмыстық істі тергеу Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасына жүктелді», - делінген полицияның ақпаратында.

Қостанай облысы полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері бойжеткенге психологиялық қолдау көрсетпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде