Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
11 мамырдан бастап Қазақстанда карантин ережелері қалай өзгереді?
Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" қаулыға қол қойды.
13:17 11.05.2020
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыс әкімдеріне, денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына шетелден Қазақстанға келген барлық адамды екі күнге дейін карантиндік ауруханада оқшаулануын қамтамасыз ету тапсырылды.
Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік делегациясын қоспағанда, Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ЕАЭО мен Өзбекстан аумағынан келген адамдар да екі күнге дейін карантиндік ауруханада жатуы тиіс.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдері төмендегі талапты қамтасыз етуі тиіс:
- ойын-сауық, спорттық және басқа қоғамдық шараларға, отбасылық, еске алу іс-шараларына тыйым салынады;
- сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көп адам жиналатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салынады;
- діни обьектілердің қызметіне тыйым салынады;
- әскерге шақырылған азаматтар әскери бөлімдерге келгеннен кейін ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеуінен өтуі тиіс;
- қоғамдық орындар, өндірістік аумақтары, әуежайлар, тұрмыстық ойын алаңдарда санитарлық және дезинфекция жұмыстары жүргізілуі тиіс;
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram