Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қоғамдық көлік қашан жүретіні белгілі болды
Өңірлерде COVID-19-бен сырқаттанудың өсуі 7 күн ішінде 7 пайыздан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда қоғамдық көліктің жұмысы қайта басталады.
13:53 11.05.2020
Бұл жайында ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қол қойған ел халқын коронавирус инфекциясынан қорғау шараларын одан ары күшейту туралы қаулысында айтылған.
«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңірлерде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7 пайыздан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігер белгілеген қосымша талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өңірлері (авиарейстер) арасында кіруге/шығуға рұқсат беруді, осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып, шектеулермен қоғамдық көліктің жұмысын қайта бастауды қамтамасыз етсін», - делінген қаулыда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram