{metadescription}
Түрік футболшысы коронавирустың белгілері бар 5 жасар баласын өлтірді

Түрік футболшысы коронавирустың белгілері бар 5 жасар баласын өлтірді

Түркияның "Бурса Йылдырым" клубының қорғаушысы Шевер Тоқташ өзінің бес жасар ұлы Қасымды өлтіргенін мойындады.

23 сәуірде футболшы баласын қатты жөтелмен және дене қызуы қатты көтерілген күйде ауруханаға әкеледі. Дәрігерлер балада коронавирустың белгілері бар деп ауруханаға қабылдайды, әкесін карантинге жатқызады. Бірнеше күннен кейін 32 жастағы спортшы дәрігерді палатаға шақырып, ұлының тыныс алуға қиналып жатқанын айтады. Дәрігерлер баланы шұғыл жансақтау бөліміне жатқызады, алайда екі сағатқа жетпей қайтыс болады.

COVID-19 жұқтырған адамның белгілерінің бірі - тыныс алудың нашарлауы болғандықтан, дәрігерлер баланың өлімінен күдікті ештеңе байқамайды. Бірақ футболшы кейін полиция учаскесіне келіп, баласын тұншықтырып өлтіргенін айтты.

"Мен жастықпен ұлымның бетін жаптым. Оны 15 минуттай басып, жібермей тұрдым. Осы уақытта балам босап шығуға әрекеттенді. Ол қозғалмай қалған кезде, мен жастықты көтердім. Менен күдіктенбеуі үшін дәрігерлерді шақырдым", - деді ол.

Мұндай әрекетке баруының себебін сұрағанда футболшы баласын жақсы көрмейтіндігімен түсіндірген.

"Мен кенже ұлымды туғаннан бастап жақсы көрген емеспін. Неге екенін білмеймін. Оны өлтіруімнің жалғыз себебі де сол. Оны ұнатпадым, жақтырмадым. Менің психикалық проблемаларым жоқ, негізі", - деді Тоқташ.

Осыдан кейін футболшы қамауға алынды. Ол "жақын туысын өлтірді" деген бап бойынша айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазаланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде