{metadescription}
Қазақстанның тағы 7 қаласына әуе рейстері ашылды

Қазақстанның тағы 7 қаласына әуе рейстері ашылды

Бүгіннен бастап Қазақстанның жеті қаласына әуе рейстері ұша бастайды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте мәлімдеді.

«Бүгіннен бастап Президентіміздің шешімімен еліміздің жеті қаласында - Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз және Талдықорғанда әуе рейстері жанданады. Сондай-ақ, ұшу үшін жолаушылардың ПТР-тест тапсыруы қоғам наразылығына ұшыраған еді. Бүгіннен бастап бұл талап та алынып тасталды», - деді Е.Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстандағы төтенше жағдай режимі тоқтағанын хабарлаған еді. Бірақ, елімізде карантин режимі әлі де сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде