Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлердің үстемеақысы тамыз айына дейін төленеді
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР Үкіметінде өткен брифингте коронавирус инфекциясымен күресуге тартылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеудің одан әрі жалғасатыны туралы айтып берді.
18:35 11.05.2020
«Дәрігерлерге төленетін үстемеақы - халықтың көкейінде жүрген сұрақтардың бірі. Ол туралы Президент арнайы тапсырма берген болатын. Оған байланысты мемлекет деңгейінде Үкіметке 40 млрд ақша бөлініп отыр. Сондықтан, тамыз айына дейін денсаулық сақтау жүйесінде жүрген адамдарға үстемеақы берілетінін қаперлеріңізге салғым келеді», - деді Е. Тоғжанов Үкіметте өткен онлайн брифингте.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстандағы төтенше жағдай режимі тоқтағанын хабарлаған еді. Бірақ, елімізде карантин режимі әлі де сақталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram