Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында әр жерде қойылған санитарлық бекеттер алынбайды
11 мамырда Мемлекет басшысы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын өткізді.
18:50 11.05.2020
Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жағдай жақсарған сайын әр кезеңде карантиндік шектеулер біртіндеп алынатынын атап өтті.
"Алматы облысының әкімдігі осыған байланысты басқа облыстармен және Алматы қаласымен шектесетін жерде орнатылған блок-бекеттерді алып тастау ақылға қонымсыз деп санайды. Сонымен қатар, облыс аудандарының шекарасында қойылған санитарлық посттар да сақталады. Дегенмен, қазіргі уақытта Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қай аудандарда карантиндік режимнің жұмсартылатынын анықтайтын жаңа қаулы әзірлеуде", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктегілер Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарынан осыған дейін талап етілген барлық ережелерді сақтап, сабырлы болуды сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram