{metadescription}
Әскери-теңіз флотында болған апаттан 19 әскери қызметші қаза тапты

Әскери-теңіз флотында болған апаттан 19 әскери қызметші қаза тапты

Иранның оңтүстігіндегі оқу-жыттығу кезінде әскери-теңіз флотының 19 әскери қызметшісі қаза тауып, 15 адам түрлі деңгейде жарақат алды.

Иранның Әкери-теңіз күштерінің мәліметінше, жарақат алғандардың жағдайы бірқалыпты. Оқиғадан кейін құтқару жұмыстары басталды, зардап шеккендер эвакуацияланып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Апат Иранның оңтүстігінде (Хормозган оңтүстік провинциясы) Яск портындағы оқу-жаттығу кезінде «Конарак» кемесінде болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Конарак» - Нидерландта жасап шығарылған ұзындығы 47 метр және су сыйымдылығы 40 тоннаны құрайтын кеме. 1988 жылдан бері Иран Әскери-теңіз күштері құрылымында тұр, кеме 2018 жылы жөндеуден өткен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде