{metadescription}
Ғалымдар ерлердің әйелдерге қарағанда коронавирусты неге жиі жұқтыратынын анықтады

Ғалымдар ерлердің әйелдерге қарағанда коронавирусты неге жиі жұқтыратынын анықтады

Ерлер әйелдерге қарағанда коронавирусты жиі жұқтырады.

Себебі ер адамдардың қанында ангиотензин гормоны көбірек, нәтижесінде АПФ2 ферменті пайда болып, вирустар жасушаға тез еніп кетеді. Бұл туралы Еуропаның кардиологтар қауымдастығының өкілдері айтты.

"Негізі өкпеде ААФ2-нің концентрациясы көп. Сол себепті дәл осы ферменттер COVID-19-ға өкпеде кеңінен таралуына көмектеседі", - дейді зерттеудің жетекшісі, Гронинген медициналық орталығының кардиология профессоры, доктор Адриан Воорс.

Ғалымдар тобы Еуропаның 11 мемлекетінде тұратын 3,5 мың адамнан сынама алып, ААФ2-нің концентрациясын есептеп шықты. Барлығында жүрек ауруы болған. Зерттеу кезінде ААФ2 ер адамдардың ағзасында көп екені анықталды.

"Ер адамдарда әйелдерге қарағанда АПФ2 биокөрсеткіші жоғары болғанын байқағанда осы фактордың ерлерде COVID-19 жұқтыру қаупін арттыратынын түсіндік", - дйді зерттеу авторларының бірі Изайя Сама.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде