Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында 4 жасар бала велосипед теуіп жүріп, жоғалып кеткен
Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының орталық көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері өз үйін таба алмай, жылап жүрген баланы кездестірген.
10:27 12.05.2020
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары сәбиді тыныштандырып, аудандық полиция бөліміне алып келген. Ол жерде оны шаймен, тортпен тамақтандырып, артынша ата-анасын іздестіруді ұйымдастырған. Баланың отбасы Ұзынағаш ауылының шетінде тұратыны анықталды.
«Нәтижесінде біз баланың 29 жастағы анасын таптық. Төрт жасар бала велосипед теуіп жүріп, ата-анасынан алысқа кетіп қалғаны анықталды. Бала үйінің орналасқан жері мен ата-анасының есімдері туралы еш нәрсе айта алмады. Дегенмен, патрульдік полиция қызметкерлері анасының жеке басын анықтады. Бұл орайда, ұлын іздестіре бастаған ана да сәбиі мен біздің қызметкерлерімізді көріп, қатты қуанды», - дейді Алматы облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Тегенбаев.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Серіктестер жаңалықтары