{metadescription}
Алматыда 19 жастағы жігіт суға батып бара жатқан қызды құтқарды

Алматыда 19 жастағы жігіт суға батып бара жатқан қызды құтқарды

Алматы облысының Текелі қаласында 19 жастағы жігіт суға батып бара жатқан үш жастағы қызды құтқарды. 

11 мамырда сағат 18:39-да бірнеше кішкентай балалар ересектердің бақылауынсыз ағысы күшті Қора өзенінің жанында болды. Нәтижесінде, 2017 жылы туған қыз абайсызда суға құлап, оны қатты ағыс алып кетті. Бақытымызға орай, екі жас жігіт суға батып бара жатқан ес-түссіз қызды байқап қалды.

"2001 жылы туған Жарқынбеков Дәурен, еш ойланбастан ағысы күшті суға секіріп, қызды жағаға шығарды. Сол жерден өтіп бара жатқан Елена Юрьевна Падалкина жасанды тыныс алу көмегін және жанама жүрек массажын жасап, қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Осылайша олар үш жасар қыздың өмірін құтқарып қалды. Олар ведомстволық наградалармен марапатталады. Құрметті ата-аналар, балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды өтінеміз, өйткені балалар қауіпті түсінбейді, және бұл қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін", - делінген ТЖД хабарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.