Әскери ұшақ тұрғын үйге құлап, бір адам көз жұмды
Канада корольдік әскери әуе күштерінің мәліметінше, Британ Колумбиясының Камлупс қаласында канадалық қарулы күштердің Snowbirds ұшағы апатқа ұшыраған.
13:22 18.05.2020
Оқиға салдарынан бір адам мерт болып, екіншісі жарақат алды.
«Біз CF Snowbirds командасы мүшелерінің бірі қайтыс болғанын, екіншісі ауыр жарақат алғанын хабарлаймыз», - деді корольдіктің ресми өкілі Twitter парақшасындағы хабарламасында.
Ол сондай-ақ оқиға бойынша қосымша ақпарат жақын арада белгілі болатынын атап өтті. Билік ұшақ апаты туралы хабарламаны таңертең сағат 11:42-де алған. Snowbirds ұшағы Ванкуверден солтүстік-шығысқа қарай 150 миль жерде орналасқан Камлупс қаласының Гленвью-авенюдегі үйге соғылған. Snowbirds ел тұрғындары үшін әуешоуын көрсетеді.
Канада Қарулы күштерінің әскери қызметшілерінен және Ұлттық қорғаныс мемлекеттік қызметінің қызметкерлерінен тұратын команда 2 мамырда Covid-19 вирусының таралуына қарсы күреске өз үлесін қосқан канадалықтарды қолдау үшін әуешоу өткізе бастады.
Қауіпсіздік және реттеу органдары апаттың себептерін тексеруді бастады. Әскери қызметкерлер Камлупске тергеу тобы жіберілгенін хабарлады. Олар сондай-ақ ұшақтың апатқа ұшырау сәтін камераға түсіріп үлгерген кез келген адамның хабар беруін сұрайды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!