{metadescription}
Жаңбыр, найзағай: 21 мамырға ауа райы болжамы
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жауады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
08:02 21.05.2020
Бейсенбіде Қазақстанның барлық аумағында дерлік ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жауады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Дабылды ескертулер
- 21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында аздап жауын жауады, күндіз нөсерлетеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жауады.
- Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады.
- Қостанай облысының кей жерлерінде бейсенбіде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
- Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
- Қызылорда облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, оңтүстіктен 15-20 м/с жел соғады.
- Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
- Павлодар облысында күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, найзағай ойнаған кезде желдің екпіні 15-20 м/с болады.
- Атырау облысында түнде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыс желі – 15-20 м/с.
Өңірлердегі ауа райы
- Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
- Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, екпіні – 23 м/с.
- Қостанай, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
- Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
- Қарағанды, Атырау, күндіз Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда, Маңғыстау облысының кей жерлерінде – шаңды дауыл.
- Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!