Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырауда жоғалып кеткен бүлдіршін табылмай жатыр
Атырауда бір жарым жасар баланы іздеуге 400-ден астам адам, дрондар мен иттер жұмылдырылды.
14:40 21.05.2020
Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аймақтағы жауып тұрған жаңбырға қарамастан баланы іздеу шаралары кешеден бері тоқтамапты.
«Бүгін, 21 мамырда жергілікті уақытпен таңғы сағат 6:30-да көмекке 400-ге жуық ерікті келді. Сондай-ақ, іздестіру жұмысына Ұлттық ұланның 50 сарбазы, полицияның 100-ден астам қызметкері, 50 волонтер жұмылдырылды. Олар «Жұлдыз» шағынауданындағы 51 көшені жан-жақты тексеруге кірісті», - делінген ресми хабарламада.
Бұған қоса бүлдіршінді іздестіруге полицейлер үш дрон мен екі қызметтік итті пайдалануда. Қазіргі таңда Жұлдыз ықшам ауданындағы кәріз құдықтары мен өзге де нысандарды тексеру қарқынды жүріп жатыр екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram