Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтанда құрылыс нысаны карантинге жабылды
21 мамырдағы жағдай бойынша астанада 10 нысан карантинде.
17:07 21.05.2020
Қала бойынша барлығы 1 403 науқас тіркелген. Елорданың құрылыс нысандарының бірі карантинге жабылды. Ресми мәліметке сәйкес, скрининг кезінде осы құрылыста істейтін инженерден коронавирус табылды. Осыдан кейін компанияның 600-ден астам қызметкері тест тапсырып шықты. Сол кезде тағы 63 адамда коранавирус анықталды. Олардың бәрін стационарға жатқызды. Құрылыс аймағы дезинфекцияланды.
"Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп күнде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық нормаларын тексеріп отырады. Осы уақытқа дейін санитарлық нормаларды бұзған 25 нысан жабылды. Соның ішінде құрылыс компаниялары, дүкендер, кафелер, мейрамханалар бар. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар ашылмайды", - дейді әкімдік қызметкерлері.
Айта кетейік, 21 мамырдағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда 10 нысан карантинде. Қала бойынша 1403 науқас тіркелген. 633 адам коронавирустан мделіп шықты.150 кәсіпорын ескерту алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram