Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Теміртауда карантинге жабылған үйдің есігін бөренемен тіреп тастаған
Теміртауда карантинге жабылған көпқабатты үйдің есігін әлдебіреулер бөренемен тіреп тастаған.
17:49 21.05.2020
Әлеуметтік желіде карантин жарияланған көпқабатты пәтерге кіретін есікті әлдекімдер бөренемен жауып тастағаны түсірілген бейнежазба тарауда. Видео авторының сөзінше, бұл ағаш тұрғындардың сыртқа шығып кетпеуі үшін әдейі қойылған екен. Жергілікті әкімдік аталмыш подъездің расымен де карантинге жабылғанын айтып отыр. Алайда әкімдіктегілер тұрғын үйдің есігін кім бөренемен тіреп қойғанын білмейтіндігін жеткізді. Қазіргі таңда бұл әрекетке жауапты адамдар іздестірілуде екен.
"Қазіргі таңда тергеу амалдары басталды. Егер кінәлі азамат анықталса, ол жауапкершілікке тартылады", - деді ПД өкілдері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram