Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Степногорда 3 жасар қыз бесінші қабатта құлап кетті
Степногор қаласында 3 жастар қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті.
09:04 28.05.2020
Ведомствоның мәліметінше, оқиға 26 мамыр күні болған.
«Үйде ата – анасыз, 5 және 15 жастағы ағаларымен қалған үш жасар қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлады. Белгілі болғандай, қыз ас бөлмедегі терезе алды тақтайына шыққан. Кейін ашық тұрған пластикалық терезенің маскит торына сүйкеніп, құлап кеткен», - дейді ведомство өкілдері.
Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер атап өткендей, құлаған бүлдіршін түрлі дене жарақатымен Степногор қалалық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне жетізілді. Қазіргі кезде, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Тәртіп сақшылары ата-аналарға баланы қараусыз қалдырмауға және көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің терезелеріне арнайы қондырғылар мен құлыптарды орнатып, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге шақырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram