Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда Арменияда әкелінген көліктерді тіркеу ережелері жарияланды
ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев армениялық нөмірлі көліктерді тіркеу туралы қаулысы жарияланды.
15:39 28.05.2020
Жаңа ережелер 1 маусымнан бастап іске қосылады. Атап айтатын болсақ, Армениядан Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктер А сериялы сары түсті нөмірлерге ие болады. Бұған қоса автокөлік нөмірінде тіркелген өңірдің коды көрсетіледі.
Темір тұлпарды тіркеуге мына құжаттар қажет:
жеке куәлік;
мемлекеттік салық пен мемлекеттік тіркеуден өту үшін жасалған төлемнің түбіртегі;
көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері.
Сондай-ақ 1 ақпанға дейін Армения мемлекетінен алып келінген сол жақ рөлді көліктерді тіркеген кезде құжатта "басқа адамға тіркеуге болмайды" деп жазылады екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram