Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы жол апатынан мерт болды
Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем бригадасының мүшелері қайтыс болды.
11:47 30.05.2020
Аймақтық Полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Исатай ауданы Зинедин ауылы маңында болған. Құрылысы былтыр басталған Астраханға баратын тасжолда жедел жәрдем әскери «КамАЗ»-бен соқтығысқан.
Исатай ауданының дәрігерлік амбулаториясына тиесілі жедел жәрдем көлігінде жүргізуші мен екі медицина қызметкері болғаны анықталды. Олардың барлығы да ажал құшты. ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасындағылардың хабарлауынша, «КамАЗ» рулінде мерзімдік әскери борышын өтеп жүрген 20 жастағы сарбаз болған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!