Қазақстан өңірлері арасындағы блок-бекеттер алынды
Қазақстанда 1 маусымға қараған түні өңірлер арасындағы блок-бекеттерді алып тастады.
08:39 01.06.2020
Енді қазақстандықтар автокөлікпен республиканың басқа аймақтарына бара алады. 5 маусымнан бастап республика қалааралық автобустарды қайта іске қосуды жоспарлап отыр.
"Ел ішінде орын ауыстыруға тыйым салуды алып тастау жалпы елімізде өңірлер арасында аурушаңдық деңгейі теңестірілгенін білдіреді. Енді азаматтарды орын ауыстырудан тыюдың қажеті жоқ", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Алматы маңайында 27 блокбекет қойылған еді. Ал Нұр-Сұлтанда 6 блокбекет қойылған. Блокбекеттер алып тасталғанымен қатаң карантин және санитарлық-гигиеналық шаралар қалаларда сақталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!