Алматыда 1 маусымнан бастап қандай нысандар ашылады
Алматыда, шектеу шараларын жеңілдету шеңберінде, 1 маусымнан бастап, СПА-салондары, қоғамдық моншалар мен сауналар жұмыстарын қайта бастайды.
10:01 01.06.2020
Нысандардың қызметіне барлық эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталған жағдайда рұқсат етіледі.
«Жұмысты бастар алдында, ұйымдар Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының ережелерімен танысуы және нысандарды барлық қажетті талаптарға сәйкес дайындауы тиіс. Ол талаптар: күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтау және т.б. Бұдан әрі, нысандар infokazakhstan.kz сайтына тіркелуі тиіс. Онда олар өздерінің әзірлігін растайды және хабарламаға электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен жазылған нормаларды сақтауға кепілдік береді», – деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, карантиндік шараларды орындау барысын мониторингтік топ рейдтік тексерулер жүргізу кезінде қадағалайтын болады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, нысандарға, оларды толық жабуға дейінгі әкімшілік жауапкершілік жүктеу қаупі бар. Жұмыс орындарына тікелей қажетті қызметкерлер санын кәсіпорын басшылары өздері белгілейтінін қосымша хабарлаймыз. Сұлулық және денсаулық индустриясының нысандары үшін жұмыс кестесі штат режімінде қалып отыр.
Жалпы алғанда, жұмысқа жалпы 7,2 мың адам санымен 900-ден аса нысан оралады деп болжанған. Бұдан басқа, 1 маусымнан бастап, шектеулер әзірлік бағалауынан өткен азық-түліктік емес базарлардан алынатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары