Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда балалардың жазғы лагерьлері қашан ашылатыны белгілі болды
ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина жаз мезгілінде балалар лагерьлері қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
12:44 01.06.2020
«Биылғы жаз мезгілі 3 млн 57 мың оқушы үшін былтырға қарағанда өзгеше болады. Сондықтан жазғы демалысты ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктер енгізіледі. Комитет тарапынан бұл тұрғыда үш бағыт айқындалды. Біріншіден, лагерьлер ұйымдарының жұмысы. Екіншіден, балалаларды жазғы шаралармен қамту, оның ішінде жекелей санаттағы балаларға жағдай жасау. Үшіншіден, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге екпін қойылады. Балаларға арналған сауықтыру лагерьлері, орталықтар, кешендер, қала маңындағы лагерьлер қызметін жандандыру шешімі санитарлық нормаларды сақтау шартымен жергілікті атқару органдары тарапынан қабылданады», - деп түсіндірді Ю. Овечкина онлайн баспасөз мәслихатында.
Шымкент қаласында лагерьлер 8 маусымда, елордада 20 маусымда ашылады.
«Балалар лагері 8 маусымнан бастап 2 өңірде, 15 маусымнан бастап 12 өңірде, 20 маусымнан бастап тағы 2 өңірде ашылады. Алматы қаласынан тыс аумақтардағы лагерьлердің жұмысын тоқтату туралы шешім шықты. Болжам бойынша, 12 154 лагерьдің 65 пайызы жұмыс істейді», - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram