Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырау облысында ер адам итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған
Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адам видеоға түсірілді.
14:24 01.06.2020
Видео Instagram желісіндегі "Доброе сердце" парақшасында жарияланды. Видеоны ер адамның танысы түсірген дейді. Ол итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған танысына "Мака, қой, кәуап жасамай-ақ қой, керек емес" дейді. Алайда ер адам әрекетін тоқтатпады. Атырау облысының полиция департаментінде видеоны тарату фактісі бойынша тексеріс басталды.
"Оқиға 31 мамыр күні қала маңындағы Еркінқала ауылында болды, ер адам итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырған. Күдікті анықталып, ұсталды", - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram