Қостанайда екі КамАЗ соқтығысып, бір жолаушы көз жұмды
Қостанай облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды.
09:15 02.06.2020
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 18:00 шамасында Әулиекөл ауданының Талапкер ауылы маңында болған.
«37 жастағы «КамАЗ» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан тағы бір «КамАЗ» көлігіне соқтығысты. Жүк көліктерінің бірі - шөп, екіншісі - арпа тиеген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы қаза болды», - делінген полицияның ақпаратында.
Жүк көліктерінің жүргізушілері ауыр халде ауруханаға түсті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі олардың жағдайына қатысты ресми ақпарат беруге уәде етті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!