Оралда автокөлік жасөспірімді қағып кетті
16 жастағы жасөспірімді көлікқағып кетті
14:20 03.06.2020
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 3 маусым күні сағат 08.40-та Еуразия даңғылы бойында болды. «Бургер Кинг» дәмханасы тұсында 1991 жылғы жүргізуші «Шевроле» көлігімен белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 16 жастағы жасөспірімді қағып кетті.
Соның салдарынан түрлі жарақат алған жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!