{metadescription}
Алматыда фитнес-орталықтары ашылды

Алматыда фитнес-орталықтары ашылды

Бүгінгі күннен бастап қаладағы барлық жаттығу залдары өз жұмыстарын бастады. Алматының бас санитарлық дәрігері тұрғындарға қандай талаптар қойылатынын айтып, жеке бастың тазалығын сақтау керектігін жеткізген.

Қала әкімдігінің мәліметінше, осы қаулыға сәйкес қаладағы 280-нен астам нысанның жұмысы қайта жаңғыртылмақ, яғни  2800-ден астам  адам жұмысқа қайта оралады.

"Барлық нысандар бүгінгі күннен бастап жұмыс істеп тұр. Дегенмен, фитнес орталықтарды, жаттығу залдарында маска тағудың қажеті жоқ. Ең бастысы жалпылама санитайзерлер мен, адамдардың жеке қалта антисептиктері болуы керек. Бұл ең басты талаптардың бірі. Маска тағудың қажеті жоқ", - дейді Бекшин. 

Жұмыс орындарына тікелей қажетті қызметкерлер санын спорт мекемесінің басшылары өздері белгілейді. Жұмыс кестесі штат режімінде қалып отыр.
Әзірлік аяқталғаннан кейін, нысандар хабарламаға электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен жазылған нормаларды сақтауға кепілдік беріп, оны растай отырып, infokazakhstan.kz сайтына тіркелулері тиіс.

"Әлеуметтік ара-қашықтық сақталады. 1,5 - 2 метр. Оған қоса, жаттығу құралдарының араларын да алшақтату мәселесін ескеретін болады. Фитнес орталықтар келушілерінің 50% ғана қабылдай алатынын ескерттік ", - дейді Жандарбек Бекшин.

Әрі қарай, олардың карантиндік шараларды орындау барысын мониторингтік топ рейдтік тексерулер жүргізу кезінде қадағалайды. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, нысандарға, оларды толық жабуға дейінгі әкімшілік жауапкершілік жүктеу қаупі бар.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде