{metadescription}
Тоқаев коронавирустың екінші толқынының қаупі туралы ескертті

Тоқаев коронавирустың екінші толқынының қаупі туралы ескертті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші толқыны туралы пікір білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантин режимін сақтауға шақырды. Бұл туралы Президент Twitter желісінде жазды.

"Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде тағу) ұстануға тағы да шақырамын", - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Ол үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан, індетке шалдыққан азаматтар саны азаймай отырғанына алаңдаушылық білдірді. Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да растап отырғанын атап өтті.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асты. Аурудан 6240 адам айықса, қайтыс болғандардың саны 48-ге жетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде