Доллар бағамы қайтадан 400 теңгеден асты
Нұр-Сұлтан мен Алматыда доллар 404 теңгеден сатылып жатыр.
13:40 05.06.2020
Kurs.kz мәліметтері бойынша, Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде доллар сатып алу бағамы 401-ден 404 теңгеге дейін, сату 399-дан 400,5-ге дейін өзгереді.
Алматыда: айырбастау орындары 401,3-404 теңгеден доллар сатады, 398-402 теңгеден сатып алады.
KASE-де доллардың орташа бағамы бұрынғыдай 400 теңгеден төмен болып отыр. 5 маусымдағы биржада өткен таңертеңгілік сессияның қорытындылары бойынша доллар 399,81 теңгеден сатылды. Алдыңғы күннің кешкі сессиясымен салыстырғанда шетел валютасы 0,22 теңгеге қымбаттады: 399,59 теңге болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!