{metadescription}
Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды

Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды

Қайтыс болған ер адамның артында төрт баласы қалды.

Әйелі бесіншісіне жүкті. Ол басқа үш зардап шегушімен бірге оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Атырау облыстық ауруханасында жанармай құю бекетіндегі жарылыс пен өрттен зардап шеккендердің бірі қайтыс болды. Оның денесінің 90%-ін күйік шалған. 

Марқұм – 34 жастағы газ құю автоцистернасының жүргізушісі, Құрманғазы ауданының тұрғыны.Ер адамның артында төрт баласы қалды. Әйелі бесіншісіне жүкті. Отбасы қалада үй жалдап тұрады, дейді марқұмның әріптестері.

Еске сала кетейік, жарылысқа себеп болған өрт 5 маусымда Атыраудағы автокөліктерге жанармай құю бекетінен шықты. Басылымның мәліметінше, фура жүргізушісінен басқа, май құюшы мен екі өрт сөндіруші ауыр жарақат алған, олар қазір ауруханада.

Сондай-ақ, жарылыс кезінде станциядан 60-70 метр қашықтықта орналасқан ғимарат қирады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде