Қазақстанда коронавирустан 3 науқас қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 3 адам көз жұмды.
22:44 07.06.2020
7 маусым күні сағат 22 30-дағы мәлімет бойынша, індеттен Павлодар облысы - 1957 жылы туған ер адам, Атырау облысы - 1948 жылы туған әйел, Қарағанды облысы - 1963 жылы туған ер адам қайтыс болды.
«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 52 адам қайтыс болды.
Еске сала кетейік, карантин тәртібіне қатысты Нұр-Сұлтан полициясы мәлімдеме жасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!