Қостанайда сотталған ер адам колониядан қашып кетті
Ер адамның қоныс колониясынан осыдан төрт күн бұрын қашып кеткені белгілі болды, ол ұрлық жасағаны үшін сотталған.
14:06 08.06.2020
Қостанайда сотталған ер адам 4 маусымда қоныс колониясынан қашып кетті, қазір оны полицейлер іздеп жатыр. Қостанай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, Нұрсұлтан Сариманов бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қоныс колониясында жазасын өтеп жүр.
Сотталушы 4 маусымда қашып кеткен. Бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Қостанай ІІБ полиция бөлімі, сондай-ақ, тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 427-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Полиция жедел іздеу шараларын жүргізіп жатыр.
Полицейлер Саримановты көрген-білген адамдардан мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрады: 8-7142-21-01-06, 8-701-190-72-38, 8-708-257-67-15 немесе 102.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!