Алдағы күндер жаңбырлы болады
Қазгидромет 9-11 маусымға арналған ауа райы болжамымен бөлісті.
15:39 08.06.2020
Синоптиктердің мәліметінше еліміздің бірқатар аймақтарында жаңбыр жауады екен.
"Алдағы үш күнде жоғары циклон Қазақстанның көптеген өңірлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууына себеп болады. Тек республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында антициклонның ықпалында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Еліміздің батыс бөлігінде күндізгі температура көпжылдық орташа мәннен 0...4 градусқа жоғары, оңтүстік-шығыста нормадан 0...4 градусқа төмен, ал қалған аумақта температура нормаға шамасында болады", - делінген ауа райы болжамында.
Бұған қоса мамандар 9 маусымда Ақмола облысында дауылды ескерту жариялады.
"Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%", - деп ескертті синоптиктер.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!