Ата-анасы егіз баласын аштан қатырып, біреуі көз жұмды
Камчаткада Вилючинск қаласында маскүнем ата-ана сәбилерінің бірін аштан қатырды.
12:42 09.06.2020
Төрт айлық бала төрт күн бойы ештеңе жемеді. Егіздер әке-шешесі ішімдік ішіп жатқанда, балалар қараусыз қалған. Ресей тергеу комитетінің облыстық департаментінің хабарлауынша, сәби балалар жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды, өлімнің себебі әлі анықталған жоқ. Марқұмның сыңары қанағаттанарлық жағдайда.
Ерлі-зайыптыларға "кісі өлтіру, яғни басқа бір адамды қасақана өлтіру, бір топ адамдар кәмелетке толмағанға қылмыс жасаған" деген айып тағылды. 4 маусымда туыстарының шағымынан кейін балалар ата-аналарының үйінен алынғаны белгілі.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!