{metadescription}
0:000:00

Танымал актер мас күйінде жол апатына ұшырады

Мәскеу орталығында ресейлік актер Михаил Ефремов жол апатына ұшырап, жүргізуші қайтыс болды.

Басылымның мәліметінше, жүргізуші ми жарақатын алып, жол апаты болған жерден ауруханаға жеткізілген. Актердің өзі зардап шекпеген. Жол көлік оқиғасы 8 маусым күні сағат 21.44-те (Мәскеу уақытымен) Смоленск алаңындағы 3-үйдің маңында болды. Jeep Grand Cherokee көлігін басқарған Михаил Ефремов жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, фургонмен соқтығысып қалды.

Baz Telegram-каналының мәліметіне қарағанда, жол апатынан 67  жастағы жүргізуші Сергей Захаров қайтыс болған. Актер Михаил Ефремов жол апатына кінәлі деп танылғандықтан полицейлер оны медициналық куәландыруға жіберген. Нәтижесінде актердің сол кезде мас болғаны анықталды.

Осыдан кейін полиция Ресей қылмыстық кодексінің 264-бап, 2-бөлігі бойынша (мас күйінде жол жүру ережесін бұзу, адам денсаулығына абайсызда ауыр дене жарақатын салу) қылмыстық іс қозғады. Жол апаты болған сәт бейнебақылау камерасына жазылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде