{metadescription}
39 мың адамды алдаған қаржылық ұйымның ісі туралы

39 мың адамды алдаған қаржылық ұйымның ісі туралы

Бүгінде 25 аймақтық филиал басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Ал салымшылар 8 миллиард теңге мен мүліктен айырылды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ломбардтардың ісіне қатысты соңғы ақпаратты жариялады. Министрдің айтуынша, "Выгодный займ", "Гарант 24 Ломбард" және "ESTATE ломбард" микроқаржыландыру ұйымдарының заңсыз әрекетінен 39 мың адам зардап шекті. Оладың барлығы 8 миллиард теңге мен мүліктен айырылды.

"Қазіргі кезде салымшылардың көбісі қиын жағдайға тап болды. Министрлік өз кезегінде шұғыл тергеу тобын құрды. Оған барлық аймақтан кәсіби мамандар еніп отыр. Бүгінде 25 аймақтық филиал басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың ішінде үшеуі шетелге қашып кеткен болатын. Үшеуі де ұсталып, елге қайтарылды", – деді Тұрғымбаев бүгін онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.

Оның сөзіне қарағанда, аймақтық басшылардың біреуі – Молдовадан, екіншісі – Қырғызстаннан, ал үшіншісі – Ресейден қайтарылды.

"Біз осы қылмыстық істі жіті бақылауда ұстап отырмыз", – деп атап көрсетті Тұрғымбаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.