{metadescription}
0:000:00

Қарағандыда атыс болып, 2 адам жарақат алды

Қарағандыда белгісіз біреу атыс шығарып, 2 адам зардап шекті.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарап кетті. Тәртіп сақшылары оқиға 9 маусымда болғанын растады. 

"Белгісіз біреу сөзге келісіп, тіркеуде жоқ қарудан екі адамға оқ атқан. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Жарақат алғандар мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Қарағанды облысы ПД департаменті өкілдері. 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағы "қару қолдану арқылы бұзақылық жасау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары және күдіктігі ұстау жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, министр 39 мың адамды сан соқтырған қаржылық ұйымның ісі туралы айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде