{metadescription}
Ел азаматтарын жаңбырлы күндер күтуде

Ел азаматтарын жаңбырлы күндер күтуде

"Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметінің синоптикі Саида Бердібекова алдағы үш күндегі ауа райы туралы айтты.

"Қазақстанда 12-13 маусымда ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел соғады. Сонымен қатар, температура 20-29 дейін төмендейді", - деді ол.

Сонымен қатар, ол елдің басты үш қаласындағы ауа-райына тоқталды. Бейсенбі,  яғни 11 маусымда, Нұр-Сұлтанда жауын-шашынсыз, түнде 13-15 градус жылы болады, күндіз - +30-32 градус. Алматыда бейсенбі күні жауын-шашын болмайды, түнде – 13-15 градус, күндіз - 23-25 градус плюс белгісі бар. Шымкентте алдағы үш тәулікте жауын-шашын жаумайды, түнде – 14-16, күндіз-30-32 градус.

Дереккөз: Қазгидромет
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде