{metadescription}
Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

Сағынтаев егер қауіпті індеттің қайта өршуіне жол берілсе, қаланың тыныс-тіршілігіне ауыр соққы болатынын айтады.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала кәсіпкерлерін санитарлық ережелерді бұзбауға, дәрігерлер бекіткен норманы сақтауға шақырды. Бұл жайында әкім Instagram парақшасында жазды.

"Басты талап – санитарлық нормаларды сақтау. Оның өзі қиын емес: санитайзер, қорғаныс бетпердесі, қолғап пен әлеуметтік арақашықтық. Ірі кәсіпорындар жұмысты тексеруден кейін бастаса, шағын бизнес саласына рұқсат хабарлама принципі бойынша берілді. Бұл ретте жауапкершілік кәсіпкерге жүктелді", – деп жазды Сағынтаев.

Сонымен қатар қала әкімі қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталған соң өндіріс, құрылыс, сауда мен қызмет көрсету орындарының жұмысы кезең-кезеңімен жандана бастағанын еске салды. Айтуынша, қалада тексеруден өткен 2,4 мыңға жуық нысанның 138-інде заң бұзушылық анықталған, кейбірінің қызметі тоқтатылды.

"Кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерінен өтініп сұрарым, қызмет түріне қарамастан, белгіленген нормаларды ұстану қажет. Егер қауіпті індеттің қайта өршуіне жол берсек, қаланың тыныс-тіршілігіне ауыр соққы болары анық. Бір-бірімізді қолдайық", – деді Алматы әкімі үндеуінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде